Германия қорғанысқа 100 млрд еуро бөлмек

«Мұндағы негізгі мақсат – неміс армиясының қорғаныс қабілетін арттыру арқылы елдің бостандығы мен демократиясын қорғау», - деп мәлімдеді Германия канцлері Олаф Шольц.
Ол қорғаныс шығындарының ақпан айының соңынан бастап ұлғайғанын хабарлады. Онда Шольц неміс билігі ұлттық ЖІӨ-нің 2%-дан астамын Бундесверге инвестициялайды деп уәде берді. Германия үкіметі ол үшін 2022 жылға арналған мемлекеттік бюджетінен 100 млрд еуро бөлуге дайын. Жексенбіде өткен үш сағаттық талқылаудан кейін бұған Христиан-демократиялық одағы мен Христиан-әлеуметтік одағының оппозициялық консервативті блогы да келісті. Арнайы қорды қосымша несиелер есебінен қаржыландыру жоспарланып отыр. Бұл Германия конституциясына өзгерістер енгізуді талап етеді, өйткені Негізгі заң бюджеттен түсетін қаражаттан көбірек жұмсауға тыйым салады. Өз кезегінде конституцияға түзетулерді қабылдау үшін Бундестаг пен Бундесрат депутаттарының үштен екісінің қолдауы қажет. Оппозиция дауысынсыз басқарушы коалиция түзетулерді қабылдай алмас еді.
Қырғи қабақ соғыс аяқталғаннан кейін Германия 1990 жылы армиясының санын шамамен 500 мың дамнан бүгінде 200 мыңға дейін қысқартқан болатын.