Германия құрамасының бас жаттықтырушысы: Біз Қазақстанмен өтетін матчта 6 ұпай еншілеуге ниеттіміз
АСТАНА. 22 наурыз. ҚазАқпарат - Германия құрамасының бас жаттықтырушысы Йоахим Лев Қазақстан құрамасымен немістер арасында өтетін бүгінгі матчқа орай командасының дайындығы туралы баяндап берді, деп хабарлайды Vesti.kz.
«Біз ұзаққа созылған үзілістен кейін алдағы ойынға қарқынды дайындық жүргіздік. Әрине, біздің мақсат - турнирдегі өзіміздің позициямызды нығайту үшін 6 ұпай алу және қалған матчтарға дайындалу. Ойыншылар оптимистік көңіл-күйде. Құрамада проблема болды, 20 ойыншы, 3 қақпашының түрлі себептермен үшеуімен қош айтысып, 17 адам қалдық. Дегенмен, мен ешкімді шақырмауға шешім қабылдадым. Өйткені ойыншыларымыз нәтиже көрсетуге қабілетті. Егер қажет болса, мен тағы ойыншылар шақырамын, барлығы үшін де есігіміз ашық», - деді ол.
Сондай-ақ ол Қазақстан құрамасының ойын өрнегіне қатысты да өз пікірін білдірді. «Менің білуімше, Қазақстан құрамасы бұл «Астана» футбол клубымен шетелде ойнайтын 2-3 ойыншы. Қателесуім де мүмкін. Ұлттық құрамаға қатысты айтар болсам, соңғы 2 жылда команда күшейіп, жақсы ойнайтын болды. Мен құраманың Ирландиямен, Австриямен ойынын DVD-дан көрдім. Қазақстанның қорғаныста жақсы ойнайтындығын айта аламын. Біз Қазақстаннан қорықпаймыз, бірақ оларды құрметтейміз», - деді Й.Лев.
Естеріңізге сала кетейік, Әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында бүгін елордада Қазақстан мен Германия құрамалары кездеседі. Ойын түнгі сағат 12-де басталады.