Германия қыста энергияны қатаң үнемдеу шараларын мақұлдауда

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Германия үкіметі қыс мезгілінде қоғамдық ғимараттарда жарық пен жылуды пайдалануды шектейтін шара жобасын мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC сілтеме жасап.
None

Билік жаңа ережелер арқылы газ тұтыну көлемін 2%-ға азайтуға ниетті. Қыркүйектен бастап ауруханаларды қоспағанда, қоғамдық ғимараттар ең көбі Цельсий шкаласы бойынша 19 градусқа дейін жылытылуы керек. Бұл ретте кіреберістерде, дәліздерде және фойеде жылыту толығымен өшірілуі мүмкін. Қоғамдық ескерткіштер мен ғимараттар жарықтандырылмайды және кәсіпорындарға түнгі уақытта дүкендерін жарықтандыруға тыйым салынуы мүмкін. Сонымен қатар жекеменшік бассейнді жылытуға да тыйым салынбақ.

Германия сонымен қатар жергілікті тұрғындарға электр қуатын тұтынуды қалай азайтуға болатындығын айту үшін жарнамалық науқандар өткізуді жоспарлап отыр. Германияның экономика министрі ережелер екі жыл ішінде жеке үй шаруашылықтарына, компанияларға және мемлекеттік секторға шамамен 10,8 миллиард еуро үнемдеуге мүмкіндік беретінін айтты.

Украинадағы жағдайдан дейін Германия Ресейден газдың 55% -ын сатыпр алып келді, қазір ол 35%-ға дейін қысқарды және импортты толығымен тоқтатуды жоспарлауда.



Фото: bbc.com

Соңғы жаңалықтар