Германия мен АҚШ-та болып қайтқан қазақстандық суретшілердің көрмесі Астанада өтеді

АСТАНА. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат - Бүгін елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайындағы «Құланшы» арт-орталығында Германия мен АҚШ-та болып келген Қазақстанның қазіргі заманғы бейнелеу өнері туындыларының көрмесі ашылады.
None
None

«Жусан иісі» жобасы - құрамына Ләйлә Махат, Ботагөз Ақанаева, Сағынтай Әлімбетов, Жеңіс Кәкенұлы, Асқар Есенбаев, Ғалым Қаржасов, Сержан Бәшіров кірген қазақстандық суретшілер тобының көшпелі көрмесі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қазақстандық суретшілердің туындылары америка және неміс басылымдарында оң бағалар алып, Нью-Йорк пен Берлин халқын тәнті етті. Өзіндің қорытынды болып табылатын Астанадағы осынау көрме наурыздың 11-іне дейін созылады.

Соңғы жаңалықтар