Германия мен Бразилия БҰҰ-дан электрондық тыңшылық жасауға тыйым салу жөнінде қарар қабылдауды сұрауда
АСТАНА. 2 қараша. ҚазАқпарат - БҰҰ Бас Ассамблеясынан электрондық тыңшылық жасауға тыйым салатын қарарды қабылдауды сұрады, деп хабарлады Би-БИ-СИ.
Құжатты Германия мен Бразилия жасап шығарған. Қарар жобасы саяси қайраткерлердің жекеменшік өмірін аңдып, оған араласуға тыйым салып, бұл мәселеге біржола нүкте қоюға шақырады. Екі елдің билігі АҚШ-тың Бразилия Президенті Дилма Русеф пен Германия канцлері А.Меркельдің электрондық пошталарына кіріп, телефон қоңырауларын тыңдау мүмікіндігі болғанына наразылық білдіріп отыр.
Осы жоба бойынша БҰҰ-да дауыс беру қарашаның соңына дейін жалғасады. Оған Ассамблеяның 193 мүшесі қатысады. Қоса кетейік, БҰҰ қарарлары қандай да бір міндеттерді шығармайды, бірақ олар айтарлықтай тиімді әрі саяси ықпалын тигізе алады.
Еске сала кетейік, БАҚ-та тыңшылық жасағаны туралы ақпаратты Орталық барлау басқармасының бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден таратқан болатын. Ол Американың әлем бойынша жекелеген адамдарға тыңшылық орнатқаны жайлы арнайы қызметтердің құпияларын жария етті. Сонымен бірге, жақында АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің 35 әлем көшбасшысының телефон қоңырауларын тыңдағаны туралы хабарланды.