Германия мен Францияда өтетін хоккейден 2017 жылғы әлем чемпионатының бюджеті жария етілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Германия мен Франциядағы хоккей бойынша 2017 жылғы әлем чемпионатының бюджеті €24 млн асады. Бұл туралы турнирге арналған баспасөз мәслихатында айтылды. Бұл туралы tass.ru хабарлады.

Германия мен Францияда өтетін хоккейден 2017 жылғы әлем чемпионатының бюджеті жария етілді

Әлем чемпионаты 5 және 21 мамыр аралығында немістің Кельн қаласындағы «Ланкесс-Аренасында» және Франция астанасы Парижде «Берси» сарайында өтеді. 64 матчтың 34 ойыны, соның ішінде плей-офф Кельнде, ал 30 матч Парижде өтеді.

Биылғы Ресейде өтіп жатқан хоккейден әлем біріншілігіне €20 млн жұмсалды.