Германия мен Канада ұшақтарының ұшу қауіпсіздігі ережелеріне өзгерістер енгізуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Германия мен Канада ұшақтарының ұшу қауіпсіздігі ережелеріне өзгерістер енгізілгені жайлы мәлім етті. Жаңа ереже бойынша ұшқыштар кабинасында кем дегенде екі адам үнемі болуы тиіс, деп жазады BBC.
None
None

Германияның әуе тасымалдаушылары қауымдастығы елдің барлық авиакомпанияларының (оның ішінде Lufthansa және Germanwings те бар) осы ережені енгізуге келіскендері туралы мәлім етті. Қауымдастық өкілінің айтуынша, бұл ереже бірден қолданысқа енгізіле бастамақ.

Әрі, аталмыш елдердің билік орындары барлық әуе компанияларын осы ережелерді сақтауға міндеттемек. Естеріңізге сала кетейік, Germanwings әуе компаниясының Airbus A320 ұшағы сейсенбі күні апатқа ұшыраған. Салдарынан 150 адам қаза тапты.

Соңғы жаңалықтар