Германия мен Қазақстанның энергетикалық ықпалдастығы жақсы ілгерілеп келеді – Олаф Шольц
АСТАНА. KAZINFORM – Германия мен Қазақстанның энергетикалық ықпалдастығы жақсы ілгерілеп келеді. Бұл туралы Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кеңейтілген құрамдағы келіссөз барысында Германияның Федералдық канцлері Олаф Шольц айтты.
«Өткен жылы қарым-қатынасымыз жақсы дамыды, үлкен экономикалық байланыстардың да болатынын көріп отырмыз. Менімен бірге үлкен делегация, бизнес өкілдері келді. Біздің мақсатымыз – экономикалық байланыстарымыз үшін жақсы жағдай жасау, елдеріңізге тікелей инвестиция салу, сауда алыс-берісін жандандыру. Энергетикалық тұрғыда ынтымақтастықты жақсы ілгерілетудеміз. Мұнай келіп жатыр. Мұндай сенімді, нақты, анық, дәйекті ынтымақтастыққа өте қуаныштымыз», - деді Германия басшысы.
Сонымен қатар ол шағын құрамдағы келіссөз барысында Қазақстан Президентімен халықаралық қауіп-қатерлерге байланысты да пікір алмасқанын атап өтті. Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстың да назардан тым қалмағанын айтты.
«Біз үшін әлемде бейбіт сауда-саттықтың болғаны, протекционистік ұмтылыстың табысқа жете алмағаны аса маңызды. Осы орайда бүгінгі кездесуге және Орталық Азиянның барлық мемлекетінің Президенттерімен ертеңгі кездесуге өте қуаныштымын. Осы кездесуге өте жақсы дайындалғаныңыз үшін ризашылымды білдіремін және ол міндетті түрде табысқа жетелейді», - деді Олаф Шольц.
Осыған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Германияның Федералдық канцлері Олаф Шольц Ақордада қарсы алғанын жаздық.