22:41, 03 Қыркүйек 2015 | GMT +5
Германия мигранттарға байланысты Венгриямен арадағы пойыз бағыттарын тоқтатты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияның «Deutsche Bahn» темір жол концерні жақын арада Будапештке баратын пойыздар тоқтатылғанын хабарлады, деп жазады ТАСС агенттігі.

Венгрия астанасының орталық вокзалы Австрия немесе Германияға жетуді қалайтын босқындарға толған.
«Deutsche Bahn» компаниясының пойыздары Венгрияның Соб қаласына дейін ғана баратын болды. Ол жерден Будапештке жергілікті темір жол арқылы жетуге болады, делінген хабарламада.
Ішінде босқындар болған Будапешттен шыққан пойыз Австрия шекарасына жетпеді.