13:31, 04 Ақпан 2011 | GMT +5
Германия Мысырдағы тәртіпсіздіктерде зардап шеккендер үшін 500 мың еуро көмек бөлді
АСТАНА. 4 ақпан. ҚазАқпарат - Германияның Сыртқы істер министрлігі Мысырдағы ушыққан iшкi саяси ахуалға байланысты Қызыл крест Халықаралық комитетіне 500 мың еуро бөлді.
Қаражат тәртіпсіздіктер салдарынан зардап шеккен халыққа көмек көрсетуге арналған, деп хабарлайды РБК. Халықаралық "Қызыл Крест жергілікті гуманитарлық ұйымдарға қолдау көрсетед"і, - деп атап өтіледі ГФР СІМ-нің мәлімдемесінде. Олар, атап айтқанда, госпиталдарды дәрі-дәрмекпен және медициналық құрал-жабдықпен қамтумен айналысады. Одан бөлек, Қызыл Крест өз мандатына сәйкес халықаралық гуманитарлық стандарттарды сақтауды және тұтқындардың құқығын қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Қызыл Крест өкілдері жергілікті билікпен, әскерилермен және азаматтық қоғам өкілдерімен тұрақты байланыстарды қолдап отырады.