Германия Мысырға қаражат бөлуді тоқтатты

АСТАНА. 19 тамыз. ҚазАқпарат - Германия Мысырдағы соңғы болған оқиғаларға байланысты елді қайта қалпына келтіру үшін қаржы бөлуін белгісіз мерзімге тоқтатты. Бұл туралы Берлиндегі Сыртқы істер министрлігінің өкілі Мартин Шеферге сілтеме жасап РБК хабарлады.

Германия Мысырға қаражат бөлуді тоқтатты

Оның айтуынша, енді Мысыр адам құқығын сақтап, баспасөз бостандығына шектеу қоймаса ғана қаржыландыру қайта жанданады.

М.Шефер неміс салық төлеушілерінің қаражаттары Мысырға 2011 жылдан бері, яғни сол елдің бұрынғы президенті Хосни Мүбәрактың тақтан құлағанынан кейін "елдің демократияға өту үрдісін жеңілдету" үшін бөлінді деп атап өтті.