Германия Польшаға қарсы санкция енгізуге шақырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Неміс бундестагіндегі Христиандық-демократиялық одақ/Христандық-әлеуметтік одақ (ХДО/ХӘО) блогының өкілдері БАҚ және Конституциялық сот туралы жаңа поляк заңдарына байланысты Польшаға қарсы санкция енгізуді ұсынды, деп хабарлады РИА Новости.
Бундестагтағы ХДО/ХӘО фракциясының басшысы Фолькер Каудер Der Spiegel басылымына берген сұхбатында ЕО елдері «еуропалық құндылықтар бұзылатын болса, санкция енгізуден тайынбау қажет», деп мәлімдеді. «Поляк үкіметі Еуропада кейбір іргелі құндылықтарды бұзуға болмайтынын білуі тиіс», - деді ол.
Еуропарламенттегі ХДО/ХӘО блогының төрағасы Херберт Реуль де Польшаға қарсы айыппұл шараларын енгізуді қолдады. «Егер саяси диалог нәтиже бермесе, экономикалық санкциялар қажет», - деп мәлімдеді саясаткер Der Spiegel журналына.
Бұдан бұрын 7 қаңтарда Польша президенті Анджей Дуда БАҚ туралы заңға түзетулер енгізген болатын, онда ТVP мен Польша радиосының қазіргі басқарма мүшелері мен байқаушы кеңестері мүшелерінің өкілеттік мерзімін аяқтау көзделген. Польша қаржы министрі «жаңа мемлекеттік БАҚ ұйымы енгізілгенге дейін» басшылықтың жаңа құрамын тағайындау құқығына ие болды. Сонымен бірге, Польша қаржы министрлігінің басшысы көзделген түзетуге сай болуы үшін мемлекеттік БАҚ жарғыларын өзгерте алады.
2015 жылғы желтоқсанның аяғында Дуда Конституциялық сот туралы заңға өзгерістерді бекітті, оған сәйкес енді бұдан былай Конституциялық сот судьялардың өкілеттігін тоқтата алмайды және парламенттің төменгі палатасына (сейм) «ерекше жағдайларда ғана» тиісті сауал әзірлей алады. Судьяларға қатысты тәртіптік жаза президенттің немесе әділет министрінің сауалымен ғана қолданылады. Сонымен бірге, соттың құрамы 9 адамнан 15 адамға дейін кеңейтіледі, шешімдерді бекіту үшін бұрынғы қарапайым көпшіліктің емес, құрамның үштен екі бөлігінің келісімі қажет.
Екі заң да Польшаның өзінде үлкен дау тудырып, Брюссельдің сынына ұшырады., бұл заңдар құқықтық мемлекеттің принциптерін бұзады деп санайды Еуроодақ.
Еурокомиссия Варшаваға түсіндірме талап етіп және осы мәселемен 13 қаңтарда пікірсайыс өткізу ниеті туралы екі хат жолдады.