Германия Сауд Арабиясына қару тасымалдаудан бас тартты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Германия неміс қорғаныс кәсіпорындарының Сауд Арабиясына қаруды тасымалдау туралы өтініштерін қабылдамады, деп хабарлады Росбалт.
Bild газеті жзғандай, бұған Таяу Шығыстағы жағдайдың тұрақсыздығы себеп болған. ФГР неміс қаруы аймақтағы лаңкестердің қолына түседі деп алаңдаулы.
2013 жылы Берлин Сауд Арабиясына сомасы 360 млн. еуро болатын қаруды тасымалдауды қолдаған. Сондай-ақ, ел Германиядан 2,5 млрд. еуроға бес су асты кемесін сатып алу мәселесін қарастырып отырғаны хабарланған.
Қаруды тасымалдау көлемі бойынша Германия әлемде АҚШ пен Ресейден кейінгі үшінші орында екені атап өтілді. Ел үкіметі адам құқықтары жүйелі түрде бұзылып отыратын аймақтарға қару тасымалдағаны үшін талай сынға іліккен.