Германия Шенген одағынан шығуы мүмкін екенін хабарлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Германия билігі Шенген аймағынан шығу туралы ойластырып жатқаны белгілі болды. Бұл туралы ГФР Ішкі істер министрі Томас де Мезьер мәлім етті, деп жазады «Би-би-си» агенттігі.

Германия Шенген одағынан шығуы мүмкін екенін хабарлады

Министр мәлімдемесін өте сақтықпен оқыды. Ол: «Шенген сақталады деп үміттенемін. Еуропа орталығында болғандықтан, оны қолдаймыз. Бұл біз үшін үлкен артықшылық», - деді. Алайда Мезьер ЕО мүшелерінің барлығы бірдей шекарадан визасыз өту талабын дұрыс орындамай отырғанын қадап айтты.

«Бұлай болғанын қаламаймыз, алайда Германия егер заң бұзыла беретін болса, өз ұстанымын біледіреді. Шенген аймағының тарқап кетуін жоққа шығара алмаймын», - деп жауап берді саясаткер журналистердің сауалына. Фото: Shutterstock