Германия ширек ғасырда алғаш рет әскер санын көбейтеді

АСТАНА.ҚазАқпарат - Германияның Қорғаныс министрі неміс сарбаздарының халықаралық іс-қимылдарға жиі қатысып жүргенін айтып отыр, деп жазады Би-би-си.

Германия ширек ғасырда алғаш рет әскер санын көбейтеді

Германияның Қорғаныс министрлігі 1990 жылы елдің біріккен сәтінен бері бундесвердің бірінші рет кеңейтілгелі отырғанын жариялады.

ГФР Қорғаныс министрі Урсула фон дер Ляйен неміс әскері санының кеңеюі келесі жеті жыл бойы жүргізілетінін айтты. Осы уақытта оның қатарын 14 мыңға жуық әскери қызметкер мен 4,5 мың азаматтық қызметкер толықтырады.

Фон дер Ляйен әскер санын өсіру қажеттілігін соңғы жылдары бундесвер әскери қызметкерлерінің бүкіл әлемдегі іс-қимылдарға жиі қатысуымен түсіндірді. Атап айтқанда, неміс сарбаздары мен офицерлері НАТО іс-қимылдарына қатысып, Жерорта теңізінде босқындарды құтқарумен айналысты.

2011 жылы неміс әскері санын көбейту жүйесін тоқтатылған. Қазіргі кезде бундесвердің саны - 177 мыңға жуық адамды құрайды.

1990 жылы Германияны біріктіру кезінде ГФР әскери күштерінің көлемі азаматтық мамандармен бірге санағанда 800 мың адамды құраған. Одан кейінгі жылдары елге төнген қауіп-қатер болмаған соң бундесверді тұрақты түрде қысқартып отырған.