Германия студенттері «Ferrari» мен «Bugatti»-ден жылдам машина құрастырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Германия студенттері әлемдегі ең жылдам автомобильді құрастырып шықты. Оның шапшаңдығы «Bugatti Veyron», «Koenigsegg Agera», «Ferrari LaFerrari» және өзге де гипермашиналардан артық, деп жазады zr.ru сайты.

Германия студенттері «Ferrari» мен «Bugatti»-ден жылдам машина құрастырды

Штутгарт университеті автомобиль құрылысы факультетінің студенттері құрастырған әлемдегі ең жылдам автомобиль тұрған орнынан 1,779 секундта 100 км/с дейін жылдамдықты асыра алады. Жастардың бұл еңбегі Гиннесстің рекордтар кітабына енді.

Фото: GreenTeam Uni Stuttgart