Германия тұрғыны лотереядан 77 миллион еуро ұтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Германиядағы EuroJackpot лотереясының кезекті ойыны қатысушылардың бірінің жеңісімен аяқталды. Норт Рейн-Вестфалияның тұрғыны 77 миллион еуро ұтты, деп хабарлады РИА Новости.

Германия тұрғыны лотереядан 77 миллион еуро ұтты

Ұтыс Германия үшін ең ірісі және бұл лотереяны өткізу тарихындағы сомасы бойынша екіншісі болды. Бірінші орында 2015 жылы Чехия тұрғыны ұтқан 90 миллион еуро ұтысы тұр.

EuroJackpot лотереясы - еуропалықтардың арасында кең тарағаны. 17 елдің тұрғындары осы ойыннан бағын сынайды. Басты ұтысты алу үшін ойыншы 50 нөмірдің бесеуін және 10-нан қосымша екеуін табу керек.