02:55, 08 Қазан 2012 | GMT +5
Германия тұрғыны сұлы жармасынан ботқа әзірлеуде әлем чемпионы атанды
АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат - Германияда тұратын, шыққан тегі британдық Бенедикт Хорсбург сұлы жармасынан ботқа әзірлеуде әлем чемпионы атанды,

деп хабарлайды BBC News.
Жарыстың ақтық сайысына әлемнің түпкір-түпкірінен келген ең үздік 16 ботқа дайындау шеберлері қатысты. Ережеге сәйкес олар ботқа пісіру үшін тек сұлы жармасын және су мен тұзды ғана пайдалануы тиіс болды. Ал жеңімпазға ботқаға арналған «Алтын бұлғауыш» берілді.
Сұлы жармасынан ботқа әзірлеуден әлем чемпионаты ұдайы Шотландияның солтүстігіндегі Каррбридж елді мекенінде өтеді.