Германияда 6 мыңнан астам адам ішек инфекциясын жұқтырды

АСТАНА. 29 қыркүйек. ҚазАқпарат - Германияда 6,5 мыңнан астам бала мен жасөспірім ішек инфекциясын жұқтырды, деп хабарлады Би-Би-Си.

Германияда 6 мыңнан астам адам ішек инфекциясын жұқтырды

Кейбір жерлерде мұғалімдер де осы індетке ұшыраған. Олардың барлығы да Sodexo фирмасы азық-түлік өнімдерін пайдаланудан осындай ауруға тап болды.

Ал фирма өкілдері тексерулер нәтижелерін желеу етіп, сапасыз өнім өндірісін жоққа шығаруда.

Бұдан бұрын 5,5 мың адам індет жұқтырғаны хабарланған болатын.

Сарапшылар қазіргі індетті өткен жылдың мамыр айындағы эпидемиямен салыстыруға болмайды деп санайды.  Онда ішек инфекциясынан 50-ден астам адам көз жұмған болатын.