Германияда A(H1N1) тұмауымен ауырғандардың саны 3,3 мыңнан асты

АСТАНА.  Шілденің  28-і.  ҚазАқпарат -  Германияда   өткен  аптада  A(H1N1)  вирусын     жұқтырғандардың саны  екі есеге   өсті,   тәулігіне  жүздеген  адам    вирусты  жұқтыруда,

Германияда  A(H1N1) тұмауымен  ауырғандардың саны 3,3 мыңнан  асты

деп хабарлайды  ҚазАқпарат   РБК агенттігіне  сілтеме  жасап.

Атап  айтқандай,   аптаның  соңында    бір тәулікте   500-дей жаңа оқиға тіркеліп,    індетті жұқтырғандардың саны, шілденің 24-індегі жағдай  бойынша   3 мың 349 адамды  құраған.

A(H1N1)  вирусы екі айда  дүниежүзіне   тарап  отыр.  Дүниежүзілік    денсаулық сақтау ұйымының   мәліметтері  бойынша,   бүгінгі күні жаңа індетті жұқтыру  оқиғалары әлемнің 160 елінде   тіркелген.