Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Германияда әйел үстіне әйел алуға тыйым салды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Германиядағы мұсылман елдерінен келген мигранттар өздеріне тән кейбір тарихы әріде жатқан әдет-ғұрпынан бас тартуына тура келіп отыр, деп жазады www.Islam.kz.

Германияда әйел үстіне әйел алуға тыйым салды

Өйткені, ел билігі оларға әйел үстіне әйел алуға  заң жүзінде тыйым салды. Бұл жайында Германия Федеративтік Республикасының әділет министрі Хайко Маас мәлімдеме жасады.

«Германия заңы тарихы тым арыда жатқан салт-дәстүрден жоғары тұрады. Осы елдің азаматтығын алғысы келетін мигранттар мұнда әдет-ғұрыптан бас тартуы тиіс»,- деді министр.

Айта кетейік, Еуропадағы миграциялық дағдарыс кезінде босқындар арасында жасы 16-ға толмаған қыздармен 160 некелесу оқиғасы орын алған екен.