Германияда «әйелдер бейсенбісі» аталып кеткен көше карнавалы басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияда 12 ақпан күні Солтүстік Рейн-Весталия федералды аймағында карнавалдық маусымның қорытынды бөлігі басталды, деп хабарлады dw.de.

Германияда «әйелдер бейсенбісі» аталып кеткен көше карнавалы басталды

Аталған аймақта карнавал костюмдерін киген халық көңіл көтеріп, қала көшелерінде түрлі қызықты шаралар өткізеді.

«Әйелдер» бейсенбісі» аталып кеткен мерекенің ерекшелігі бұл күні әйелдер билікті «басып» алып, басқару ісіне араласа алады. Карнавалда әйелдер салтанатты жиын кезінде ер адамдардың галстугын қайшымен кескілейді.

Карнавал шеруінің орталығы - Германиядан мыңдаған қалжыңбастар жиналатын Кельн қаласы. Жаппай мерекелік шеру Дюссельдорф, Кобленц, Майнц және басқа да қалаларда өтеді.