Германияда азаматтық туралы заңнаманы реформалау мақұлданды

АСТАНА. KAZINFORM - Германияда азаматтық туралы жаңа заңнаманы Бундестагтан кейін Федералдық мемлекеттер палатасы да мақұлдады. Енді неміс төлқұжатын алғысы келетін шетелдіктерге өз азаматтығынан бас тартудың қажеті жоқ. Бұл туралы DW ақпарат агенттігі жазды. 

Германия
Фото: www.dw.com

Германияда Федералды жерлер палатасы неміс төлқұжатын алуды жеңілдететін және қос азаматтыққа рұқсат беретін неміс азаматтығы туралы заңнаманың реформасын мақұлдады.

Енді шетелдіктер Германия азаматтығын бұл елде заңды тұрған 8 жылдан кейін емес, 5 жылдан соң ала алады. «Әсіресе табысты интеграция» жағдайында бұл кезең 3 жылға дейін қысқара алады. 

Әлеуметтік жәрдемақы алатындарға қатысты тәртіп күшейтілді

Германияда әлеуметтік көмек алатын адамдар үшін тәртіп, керісінше, қатаңдай түсуде. Осы уақытқа дейін сырқатына немесе мүгедектігіне байланысты әлеуметтік жәрдемақы алған шетелдіктер азаматтық алу мүмкіндігіне ие болса, енді заңнамадан тиісті тармақ алынып тасталды. Мұндай адамдар бұдан былай азаматтықты аса қиын жағдайда қалған адамдарға қолданылатын ережелер негізінде ғана ала алады. 

Бундестаг азаматтық туралы заңның реформасын екі апта бұрын мақұлдады, ол үшін бундесраттың мақұлдауы қажет болған жоқ, бірақ ол келісім комиссиясын шақыруға құқылы болды. Алайда бұған бармауға шешім қабылдады. 

Федералдық статистика басқармасының мәліметінше, 2022 жылы шамамен 168 мың шетелдік Германия азаматтығын алған. Жалпы, Германияда тұратын шетелдіктер азаматтық алуға өтініш білдіргісі келмейді. Германияда кемінде 10 жыл тұрған шетелдік адамдар арасында 2022 жылы неміс азаматтығын алғандардың үлесі небәрі 3 пайызды құрады. 

Соңғы жаңалықтар