Германияда балалар мінген автобус жарқабақтан құлады

МӘСКЕУ. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат – Германияда балалар мінген автобус алты метрлік биіктіктен өзен аңғарына құлады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру агенттігіне сілтеме жасап. Оқиға Баден-Вюртемберг жеріндегі В-315 күрежолында болды. 10 бала зардап шекті, олардың екеуі ауыр жараланды. Полицияның мәліметтеріне қарағанда, олардың өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ.Апат таңертең Бонндорф (Вальдсхут округі) елді мекенінің маңында болған. Автобус қар басқан жолмен жүріп келе жатқан. Полиция мен дәрігерлер оқиға орнына келіп жетті. Балалардың көпшілігі өзен аңғарынан өз бетімен шыққан.
Соңғы жаңалықтар