18:56, 11 Наурыз 2009 | GMT +5
Германияда белгісіз біреу мектепте сегіз баланы және екі ересек адамды атып кетті
БЕРЛИН. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат – Германияның Штудгартының солтүстігіндегі Винденнен қаласында белгісіз біреу мектепте оқ жаудырды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру агенттігіне сілтеме жасап.Сегіз бала мен екі ересек адам мерт болды. Жараланғандар да бар. Полиция әзірше болған жайға түсінік бермей отыр.