Германияда Берлин қабырғасының бір бөлігі құлатылды

АСТАНА. 27 наурыз. ҚазАқпарат - Жұмысшылар East Side Gallery аталатын Берлин қабырғасының бір бөлігін құлатты.
None
None

Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлайды.

Бүгін элиталы үйлерді салу мақсатында қабырғаның осы бөлігінің төрт сегменті қиратылды. Ал бұзуға қарсы болғандар суреттермен көркемделген бұл қабырға бостандықтың символы болғандығын айтуда.

Естеріңізге сала кетейік, Берлин қабырғасының басым бөлігі 1989 жылы бұзылған еді, дегенмен қырғи-қабақ соғыс кезеңінде бой көтерген қабырғаның 3 шақырымы әлі де құлатылмай, сау қалпында тұрған болатын.

Соңғы жаңалықтар