Германияда босқындарға кеткен «шығынды» санады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Көші-қон дағдарысы Германия бюджетіне айтарлықтай түзетулер енгізді. replyua.net хабарлағандай, босқындардың келуі ел билігіне шамамен 21 миллиард еуро шығын келтірмек.
None
None

Мюнхендегі экономикалық зерттеу институтының басшысы Ганс-Вернер Зинн осындай мәлімдеме жасады. Оның сөзіне қарағанда, Германия босқындардың көптеп келуін қаржыландыру үшін қарызға кіретіндей жағдайда емес. Ел билігі ақшаны бюджеттен іздеуі керек, әзірге қаражат бар, алайда көші-қон дағдарысы бітпесе, барлық босқынға бюджет жетпейді.

2016 жылғы мемлекеттік бюджетте аталған шығынды өтеу үшін қажетті соманы табуға болады, алайда алдағы уақытта бұл қиындай түседі. Институт басшысының сөзіне қарағанда, қазірдің өзінде Германия билігі босқындар салдарынан кей шығындарды азайтып жатыр.

Еске сала кетейік, 2015 жылы Германияда ресми түрде 1 миллион 87 мыңнан астам босқын тіркелді. Көші-қон қызметінің қызметкерлері айтқандай, бұл нақты сан емес. Ел аумағында 250 мыңға жуық адам биліктен жасырынып жүр.

Соңғы жаңалықтар