Германияда бой тасалаған қазақстандық азамат елге жеткізілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Бас прокуратура қызметкерлері мен Интерпол қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Хагай Изгияевты Германиядан Қазақстанға жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Бас прокуратура баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ұсталған азаматты Алматы қалалық полиция департаменті 2016 жылдан бері іздестіріп жатқан болатын. Ол 1,5 млн АҚШ доллары көлеміндегі алаяқтық ісіне қатысы бар деп күдікке ілінген. Күдікті қылмыс жасаған соң тергеу органдарынан жасырынып, бой тасалаған. Соған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланған еді» делінген хабарламада.
Қазіргі таңда Хасан Изгияев Астана қалалық тергеу изоляторында қамауда отыр.