Германияда дөңгелек ауыстырудан әлемдік рекорд орнатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Небәрі 1 минуттың ішінде дөңгелектер ауыстырылды. 4 неміс механигінен жасақталған команда электр аспаптарынсыз автомобиль дөңгелегін ауыстырудан әлемдік рекорд орнатты.

Германияда дөңгелек ауыстырудан әлемдік рекорд орнатылды

Нақтылай айтқанда, олар, 59,62 секунд ішінде 4 дөңгелекті ауыстырып, бұдан бұрынғы рекордтан 24,23 секунд ерте аяқтады, деп хабарлады auto.bigmir.net сайтына сілтеме жасап.

Бұл арада дөңгелектердің ешқандай электр аспаптарынсыз ауыстырылғандығын атап өткен жөн. Команда автомобиль бөлшектерін тасымалдаумен айналысатын Kfzteile24 компаниясында жұмыс істейтін механиктерден жасақталған.