Германияда доңыз тұмауын жұқтырған алғашқы оқиға тіркелді

БЕРЛИН. Сәуірдің 19-ы. ҚазАқпарат – Германияда дәрігерлер бір адамның доңыз тұмауын жұқтыруының алғашқы оқиғасын тіркеді. Бавария денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері сырқатты бақылау жөніндегі ұлттық орталық саналатын Роберт Кох Институтының мамандары қауіпті вирустың елде пайда болғанын растайтынын мәлімдеді,

Германияда  доңыз  тұмауын жұқтырған алғашқы оқиға тіркелді
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.Институт мәліметіне қарағанда, ауру жұқтырған азамат Бавариядағы Регенсбург қаласының тұрғыны болып шықты. Мамандар толығырақ ақпарат беруден бас тартып отыр.Мексикада басталған доңыз тұмауы эпидемиясы бүгінде бірнеше елге таралып үлгерді.Соңғы мәліметтерге қарағанда, Мексикада ауру салдарынан көз жұмғандар саны 159 адамға жеткен, 2 498 адам ауруханаға жатқызылған.Бұдан басқа Испания, Шотландия, Канада, Израиль және АҚШ-та да тұмаумен ауырғандар тіркелген. Америка өкіметі тұмау қоздырғышын жұқтырғандар санының артуына байланысты төтенше жағдай жариялады. Вирустың таралуының алдын алу мақсатында Аргентина мен Куба Мексикамен әуе қатынасын уақытша тоқтатты.Жаңа вирус доңыз, құс және адам тұмауының тектік материалдарының құрамасынан тұрады екен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Солтүстік Америкада пайда болған доңыз тұмауын «денсаулық сақтауға халықаралық деңгейдегі қатер» деп жариялады.