03:21, 29 Мамыр 2016 | GMT +5
Германияда футбол алаңында жүрген 35 адам найзағай соққысынан зардап шекті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияда футбол алаңында найзағай соққысынан кем дегенде 35 адам зардап шекті, олардың 30-ы- балалар.

Келеңсіз оқиға елдің батысындағы Рейнланд-Пфальц жеріндегі Хопштедтен елді мекенінде болған, деп хабарлайды Berliner Zeitung басылымы.
Футбол алаңында ойын өтіп жатқан, ауа райы да алаңдарлықтай болмаған. Жаңбыр басталып, найзағай ойнаған сәтте ойын да аяқталған еді. Жай түсуі салдарынан 9-12 жастағы бірнеше бала және бір ересек адам зардап шекті. Олардың үшеуі ауыр жарақаттанды. Он бір бала мен бір ересек адам ауруханаға жатқызылды. Қалғандарының жағдайы қауіптенерліктей емес, деп атап өтеді Rheinpfalz басылымы.