Германияда Гитлердің кітабы сатыла бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияда 70 жылдан бері алғаш рет Адольф Гитлердің «Майн Кампф» басылымы сатылымға түсті, деп хабарлады ВВС агенттігі.

Германияда Гитлердің кітабы сатыла бастады

Германияда А.Гитлердің антисемиттік манифесін қайта басып, сатуға Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін тыйым салынған.

Оның қайта шығуына Бавария үкіметінің иелігіндегі авторлық құқық мерзімінің аяқталуы себеп болған.

Кітап ондағы кемшіліктерді ашықтайтын қосымша ғылыми түсіндірмелермен басылған. Ол Мюнхендегі Заманауи тарих институтында дайындалды. 8 қаңтар күні шығарма дүкендерге сатылуға шығарылды. Бірақ барлық дүкенде емес, кейбіреуі оны сатудан бас тартқан.

Кітап тиражы 4 мың дана. Баспагерлер кітапты қайта шығару нацистік үгіт-насихаттың озбырлығын әшкерелеу екенін айтты.