17:47, 05 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Германияда Гитлердің «Майн кампф» кітабы қайта басылып шығады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мюнхендегі қазіргі заман тарихы институты сыни пікірлермен толыққан Гитлердің кітабын екі том етіп шығармақ, деп хабарлады ресейлік БАҚ.
Оның бағасы 59 еуро болмақ. 1200 беттен тұратын кітаптың үштен екі бөлігі тарихшылар мен мамандардың пікір-пайымдарына арналған. Ғалымдардың пікірінше, бұл кітап Гитлердің күмәнді идеялары айналасында өрбіген «аңызды» талқандайды. Ғылыми зерттеулер оның идеяларының әлсіз екенін дәлелдейді. Ал, Германияда қалың жұртшылық «Майн кампфты» қайта шығаруға тыйым салу қажеттігі туралы мәселе көтерді, деп жазады lifenews.ru. Кітаптың таралымы 4 мың дана. «Майн кампф» ГФР кітап дүкендерінде 2016 жылдың басында пайда болмақ. Фото: © / www.globallookpress.com