22:15, 23 Сәуір 2014 | GMT +5
Германияда қонақүй келушілеріне автокөлікте түнеуді ұсынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияда қонақүй өзінің келушілеріне көлік кейпінде жасалған бөлмелерге орналасуды ұсынып отыр, деп жазады Росбалт.
Ұсынылып отырған сегіз бөлме түрлі көліктің пішінінде жасалған. Бұл бөлмелерге түнеген кезде ашық аспан астындағы кинотеатрда немесе көлік жуу орнында жатқандай әсерге бөлене алады. Арнайы бөлшектермен безендірілген бөлменің іші меймандарды таңғалдырмай қоймайды.
Тіпті, көліктің дөңгелегінің өзі арнайы бөлмеге айналған.
Қонақүй иелері өздерінің ерекше бөлмелері келушілерді қызықтыратынына сенімді. Сондай-ақ алыстан келген меймандардан бөлек, басыбайлы баспанасы қонақүйдің маңында орналасқан адамдар да келіп түней алады. Тек, ол үшін 480 еуро ақшасын шығындауға туралы келеді. Себебі, қонақүйдегі ерекше бөлменің бір тәуліктік құны осынша тұрады.