Германияда көне Құран қолжазбасы табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияның Тюбинген университетінің кітапханасында Құран қолжазбасының фрагменті табылды. Мамандардың пікірінше, ол Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) 632 жылы көз жұмған соң ондаған жылдардан кейін жазылған. Бұл туралы университет таратқан хабарламада айтылды.
Осыған дейін сарапшылар қолжазба шамамен VIII-IX ғасырларда жазылды деп болжап келген еді. Алайда жүргізілген зерттеулер нәтижесінде, соның ішінде оны мерзіміне радийкөмірсутекті сараптау жүргізу көмегімен манускрипттің көне екені анықталды. Мамандар 95,4% мүмкіндікпен ол б.д. 649-675 жылдарына жатады деген тоқтамға келді, деп хабарлайды ТАСС.
Қолжазба куфи қарпімен таңбаланған.
"Мұндай тоқтамға келген себебіміз - бұл бізде сақталғандағылардың ішіндегі ең көне пергаментке жазылған Құран", - дейді кітапхана өкілі.
Манускрипт Тюбинген қаласына 1864 жылы кітапхана пруссиялық дипломат Иоганн Готфрид Ветцштейннің жинаған кітаптарының бір бөлігін сатып алғанда тап болған екен. Бұл кітапхана қорында Құранның 20-дан астам фрагменті бар, делінген хабарламада.