Германияда коронавирус талаптары күшейтілуде
БЕРЛИН. ҚазАқпарат – Германия билігі карантин талаптарын күшейтті. 1 қазаннан бастап елдің барлық аумағында ұшақ пен пойыз жолаушылары жоғары дәрежеде қорғайтын маска тағуы міндетті болады. Ал медициналық мекемелерде маска тағып қана қоймайды, сонымен қатар вакцинация туралы анықтамасын көрсетуге міндеттеледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.
Денсаулық сақтау министрлігі атап өткендей, федералды жерлердің үкіметтері жергілікті жағдайға байланысты қосымша талаптарды енгізе алады. Мысалы, муниципалды көлік пен мейрамханаларда маска тағу, бұқаралық іс-шараларда әлеуметтік қашықтық сақтауды енгізу. Неміс денсаулық сақтау министрлігі Германия жазда коронавирус бойынша эпидемиялық тұрғыдан салыстырмалы түрде сәтті өтті деп хабарлады.
Алайда бірнеше апта бұрын, негізінен қарт адамдар арасында ковидтан болған өлім жағдайларының өсімі байқалды.
Сонымен қатар ұшақтарда маска тағу туралы талап үкіметтік коалицияны қатты сынға алды.
Әлеуметтік желілерде үкіметтің Канадаға ұшатын ұшағынан түсірілген фотосуреттер тарады. Онда шенеуніктердің өздері маскасыз ұшқаны көрсетілген.
Видеодан алынған кадр