Германияда күрдтер шеруге шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияның Дюссельдорф қаласында «Ислам мемлекеті» содырларынан зардап шегіп жатқан Сириядағы Кобани қаласындағы күрдтердің жағдайына жұрт назар аудару үшін 20 мыңға жуық адам шеруге шықты, деп хабарлады ВВС агенттігі.
Дәл осы мәселе бойынша, Германияның өзге қалаларында орын алған шерулердегі қақтығыстарға қарағанда бүгінгі шеру бейбіт өткен. Германияның федералды полициясының хабарлауынша, егер Кобани қаласы содырлар бақылуына көшетін болса, кикілжің одан сайын шиеленісуі әбден мүмкін. Германияда 1 млн.-ға жуық күрд тұрады. Олардың дені - 1960 жылдары жұмыс күші ретінде келген мигранттар.