Германияда құс тұмауы вирусы анықталды

АСТАНА. 17 ақпан. ҚазАқпарат - Германияның Бранданбург федералдық жеріндегі Мэркиш Одерланд ауданында үйрек өсіретін ауданда құс тұмауының виурсы тіркелді, деп хабарлады Росбалт.
None
None

Аймақтық қоршаған ортаны қорғау, денсаулық, тұтынушылар құқығын қорғау министрлігінің хабарлауынша, инфекцияның таралуына жол бермеу үшін кәсіпорында карантин жарияланды. Барлық үйрек - 14 мыңға жуық құстың көзі жойылатын болады.

Бранденбургте дағдарыстық орталық құрылды, ол осы жер деңгейінде эпидемияға қарсы шараларды жүргізуді үйлестіріп отырады.

Еске сала кетейік, қаңтардың соңында Біріккен Ұлттар Ұйымының ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) бүкіл әлем 2006 жылғы алапат құс тұмауы эпидемиясының сценарийі қайталануы қаупінің алдында тұрғанын мәлмдеді. ФАО сарапшылары халықаралық деңгейде осы және басқа да қатерлі жан-жануарлар ауруларына бақылауды нығайту арқылы ғана осы сценарийдің жолын кесуге болады деп пайымдайды.

«Халықаралық экономикалық дағдарыс H5N1 құс тұмауы вирусін және басқа да қауіптерді болдырмауға бағытталған қаржылық шараларды қысқартуға әкеп соқты. Бұл халықаралық ұйымдарға ғана емес, елдердің өздеріне де қатысты», - деп мәлім етті ФАО бас ветеринарлық сарапшысы Хуан Луброт.

Қауіпті індет 2006 жылғыдай бүкіл әлемге таралуы мүмкін, ол кезде бұл ауру 63 елді жайлаған еді. 2003 жыл мен 2011 жылға дейінгі кезеңдегі індет 400 млн. үй құстарының көзін жоюға немесе мәжбүрлі түрде союға душар етті, экономикалық шығын 20 млрд.долларға жетті.

H5N1вирусы басқа да кейбір жануарлар аурулары сияқты адамдарға тез жұғады. 2009-2011 жылдардағы кезеңде 500-ден астам адам вирус жұқтырды, оның ішінде 300 адам көз жұмды.

Соңғы жаңалықтар