Германияда Меркельдің партиясы сайлауда жеңіске жетті

БЕРЛИН. ҚазАқпарат - ФРГ канцлері Ангела Меркель басқаратын ХДС/ХСС консервативтік блогы парламент сайлауында 32,5 пайызбен көш бастады. Экзит-полл осындай нәтиже көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.
None
None

Мартин Шульц жетекшілік ететін Германияның Социал-демократиялық партиясы сайлауда 20% дауыс жинады.

«Германия үшін альтернатива» атты ультраоңшыл партия 13,5 пайызбен алғаш рет бундестагқа өтті. Бұл көлемі жағынан бундестагтағы үшінші күшке айналды.

Солармен бірге бес пайыздық шекті дауысты жинағандар - «Азат демократиялық партия» - 10,5%, «Жасылдар» - 9,5% және «Солшылдар» - 9%.

Сайлау қорытындысы бойынша бундестагта басқарушы коалиция қалыптастырылып, канцлер тағайындалады. 

Соңғы жаңалықтар