Германияда мейрамханада болған атыс салдарынан үш адам мерт болды
АСТАНА. 21 тамыз. ҚазАқпарат - Германияның Доссенхайм қаласында ер адам жергілікті спортклубтың мейрамханасында атыс шығарды. Соның салдарынан екі адам қаза болып, тағы бесеуі ауыр жарақат алған, деп хабарлайды РБК. Атыс шығарған ер адам оқиғадан кейін өз-өзіне қол салған.
Полиция мәліметтеріне сәйкес, бұл сәтте мейрамханада жылжымайтын мүлік иелері қауымдастығының кездесуі өтіп жатқан көрінеді. Кездесу қатысушылары әлденеге келісе қалмай қалып, олардың арасындағы бір ер адам жанжалдасушыларға қарсы қару қолданған.
Оның не себепті атыс шығарғаны әзірге белгісіз.