Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Германияда мигранттар қаңғыбасты жағып жіберді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 6 сириялық пен 1 Ливия азаматы кісі өлтіруге ұмтылды деп айыпталып отыр. Тергеу мәліметтері бойынша, мигранттар рождество мерекесі күні түнде Берлин метросында үйсіз-күйсіз жүрген азаматты жағып жіберген, деп хабарлайды Би-би-си.

Германияда мигранттар қаңғыбасты жағып жіберді

Бұл шабуылдан қаңғыбас зардап шеккен жоқ. Сол аймақта кетіп бара жатқан адамдар өртті сөндіріп, қаңғыбасты аман алып қалды. Полиция қызметкерлері бейнекамераға түскен көріністерді жария еткен соң, күдікті 6 азамат билік өкілдеріне өздері келіп берілген. Ал, осы оқиғаны ұйымдастырушы үйінің жанынан ұсталды. Күдіктілердің жастары 15 пен 21-дің аралығында. 

Олар Берлинге 2014-2015 жылдары келіп, өздеріне «баспана» беруді сұраған.