Германияда найзағайдың соққысынан бір уақытта 15 адам зардап шекті, соның ішінде бір бала бар

None
None
АСТАНА. 7 шілде. ҚазАқпарат - Германияда найзағайдың соққысынан бір уақытта 15 адам зардап шекті, соның ішінде он жасар бала бар, деп хабарланады mail.ru сайтынан.

Жергілікті полиция өкілі хабарлағандай, оқиға  Берхтесгаден ауданында (Бавария федералдық жері) туристер тобының биіктігі 1304 метр Грюнштайн  тауына шығуы кезінде болды.

Найзағай соққысының салдарынан 13 адам күйік шалып, тау-құтқару қызметінің жұмыскерлерімен жақын жерде орналасқан елді мекендердің ауруханасына жеткізілді. Тағы екеуіне оқиға орнында көмек көрсетілді.

Полицияның мәліметтерінше, зардап шеккендер арасында тау дайындығынан өткен Нидерландыдан бірнеше әскери қызметкер болды.

Соңғы жаңалықтар
telegram