Германияда Орталық және Шығыс Еуропа бірлестігі аясындағы Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті
МАГДЕБУРГ. Сәуірдің 23-і. ҚазАқпарат /Юлия Чернова/ - Cәрсенбі күні Майндағы Франкфуртта Орталық және Шығыс Еуропа бірлестігі (OMV – Ost- und Mitteleuropa Verein) аясындағы іскерлік кеңестің бірінші отырысы өтті.
Іскерлік кеңес Орталық және Шығыс Еуропа бірлестігі мен «Атамекен» Одағы» ұлттық экономикалық палатасының арасында қол қойылған меморандумға сәйкес құрылған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл күні сондай-ақ, Орталық және Шығыс Еуропа бірлестігі аясындағы Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының үшінші отырысы өтті. Отырысқа жұмыс топтарының мүшелері, сондай-ақ «Атамекен» Одағы» ұлттық экономикалық палатасының төрағасы Азат Перуашев бастаған қазақстандық делегация қатысты. Мәжілісте А.Перуашев, «Қазақстандағы дағдарысқа қарсы шаралар» тақырыбында баяндама жасады. Қазақстан Елшісі Н.Оңжанов жұмыс тобы мүшелерінің назарына Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» Жолдауының негізгі тарауларын таныстырды. Ал, Экономика және минералдық ресурстар министрінің кеңесшісі Әлібек Бақаев жақында Қазақстанда отандық және шетелдік бизнестерге қатысты қабылданған салықтық жеңілдіктер туралы баяндап, осындай шаралардың қазақстандық экономиканың тартымдылығын анағұрлым өсіріп отырғанын жеткізді.