Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Германияда пәтер тонау оқиғалары жиілеп кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияда пәтер тонау оқиғалары жиілеп кетті . Ұрылар, әсіресе, елдің Солтүстік Рейн-Вестфалия, Гамбург және Төменгі Саксония аймақтарында үй тінтіп жүр, деп хабарлады www.24.kz.

Германияда пәтер тонау оқиғалары жиілеп кетті

Берлиннің өзінде жыл басынан бері 7 мыңдай пәтер тоналған. Өткен жылға қарағанда бұл 10%-ға көп. Дегенмен, тәртіп сақшылары баукеспе ұрыларды қалай да тұзақтап, қылмыс санын азайтамыз деп уәде беріп отыр. Сол үшін Германия астанасында «Крим про» деп аталатын арнайы бағдарлама іске қосылды. Полицейлердің айтуынша, бағдарлама қай жерде ұрлық-қарлық болатынын анықтауға көмектеседі. Енді осы жүйені пайдаланып, Федеративті мемлекеттің басқа да аймақтары қылмыспен күреспек.

 «Пәтер тонаушылар бірнеше қылмыс жасаған әккі қылмыскерлер. Сондықтан олар белгілі бір әдіспен жұмыс істейді әрі бір-біріне ұқсайтын жерлерде ұрлық жасайды. Осы ретте біздің компютерлік жүйеміз статистиканы сараптап, енді қай жерде қылмыс болуы мүмкін екенін көрсетеді. Бұл шынымен де жақсы көмекші құрал. Соның арқасында оқиға орын алуы мүмкін жерге қызметкерлерімізді жіберіп, қылмыстың алдын аламыз», - дейді Берлин полициясының баспасөз қызметінің жетекшісі Томас Нойендорф.