Германияда пойыздар соқтығысып, 100-ге жуық адам жарақаттанды, құрбандар бар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бад-Айблинг қаласына жақын жерде орналасқан Баварияда екі өңірлік пойыздың соқтығысуынан 100-ге жуық адам жарақаттанып, бірнеше адам мерт болды, деп хабарлады сейсенбіде полицияға сілтеме жасаған N24 телеарнасы.

Германияда пойыздар соқтығысып, 100-ге жуық адам жарақаттанды, құрбандар бар

«Қаза тапқандар бар, әзірге нақты қанша екенін білмейміз», - деді телеарнаға жергілікті полиция өкілі.

Оның айтуынша, «екі пойыз соқтығысып қалған». Пойыздардың бірі жолдан шығып кеткен болуы керек. Апат орнына жедел жәрдем, құтқарушылар жетті.