Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхен қаласына барды
АСТАНА. KAZINFORM - Мемлекет басшысының Германияға ресми сапары Мюнхен қаласында жалғасады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бавария Үкіметі мен Ландтаг басшыларымен және бизнес-құрылым өкілдерімен кездеседі.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Қазақстан-Бавария технологиялық форумының ашылу рәсіміне қатысады.
Осыған дейін Германия Федеративтік Республикасының Қорғаныс министрлігінде Берлинге ресми сапармен келген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты қарсы алу рәсімі өтті.
Қазақстан мен ГФР президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Канцлер Фридрих Мерцпен келіссөз жүргізді.
Қазақстан мен Германия 2 млрд долларлық 30-дан астам құжатқа қол қойды.