Германияда сиырлар қораны жарып жіберді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияның орталығындағы Расдорф қаласында сиыр қора жарылды. Бұл туралы жергілікті полицияға сілтеме жасап, lenta.ru хабарлайды.
Құқыққорғау органдарының мәліметінше, жарылыс қорада сиырлардың қиынан бөлінген метанның көп мөлшерде жиналып қалу себебінен орын алған. Электр сымдарының тұйықталуынан жиналған газ жарылып кеткен.
Жарылыс кезінде қорада барлығы 90 сиыр болған. Олардың біреуін күйік шалып, дер кезінде ветеринарлық көмек көрсетілді.