16:54, 27 Сәуір 2011 | GMT +5
Германияда соғыс кезіндегі табылған бомба салдарынан 12 мыңнан астам азамат қауіпсіз жерге көшірілді
АСТАНА. 27 сәуір. ҚазАқпарат - Германияның Геттинген қаласында Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі авиабомбасы табылып, 12 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп жазады Утро.ру агенттігі.

Жергілікті полицияның мәліметі бойынша, жарылғыш зат қалалық тауар стансысының маңынан табылған, одан кейін аумақ 1 шақырым радиуста қоршауға алынып, жергілікті халық қауіпсіз жерге көшірілді. Олардың барлығы уақытша мектептерді паналауда. Қала билігінің айтуынша, бомба бүгін залалсыздандырылады.