14:03, 07 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Германияда тамаша сақталған римдік ескерткіштің бөлшектері табылды
АСТАНА. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат - Неміс археологтары бұдан екі мың жыл бұрын жасалған, қоладан құйылған аттың басын және римдік ескерткіштің басқа да бөлшектерін әлемге паш етті,
![None None](/static/img/plug.webp)
деп хабарлайды ҚазАқпарат Ru.euronews.net сайтына сілтеме жасап.
Мамандар олжаны ғажайып жәдігер деп отыр, өйткені қоланың алтын жалатқан бөлігі тамаша сақталған және осы уақытқа дейін Еуропада табылған римдік дәуір өнерінің ең үздік үлгісі болып табылады.