Германияда тегін оқығысы келетін қазақстандықтар үшін өтініш қабылдау басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияда 2019-2020 оқу жылына өтініштер қабылдау уақыты басталды. Бұл туралы ҚазАқпарат «Болашақтың» сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Германияда тегін оқығысы келетін қазақстандықтар үшін өтініш қабылдау басталды

DAAD www.daad.kz неміс академиялық алмасу қызметінің веб-сайтында Германиядағы бакалавриаттан PhD-ға дейін оқу бағдарламаларын табуға болады.

Төмендегі ағылшын тіліндегі оқу бағдарламалары бойынша ақпараттық брошюралардың сілтемесі:

Германиядағы халықаралық Бакалавриат бағдарламалары

Германиядағы халықаралық Магистратура бағдарламалары

Германиядағы халықаралық Докторлық бағдарламалар

Бұл ақпараттық брошюралар ағылшын бағдарламаларын, университеттерді, қаланы, оқытудың басталу уақыты, веб-сайттың сілтемелерін және электрондық поштаны көрсетеді.

NB: Медицина және құқық бағдарламаларының көпшілігі тек неміс тілінде екенін ескеру қажет.

Бакалавриаттың негізгі құжаттары:

Тілдік сертификат: DSH, TestDaF, IELTS (6.0-ден бастап), TOEFL (ең азы 80);

Oрта (толық) жалпы білім туралы аттестат немесе оқу орнынан алынған анықтама мен транскрипт (егер аттестат болмаса);
NB: 11 жылдық білім беру мектебінің барлық түлектері үшін дайындық курстарын (штудиенколлег) неміс тілінде өту керек. Немесе қазақстандық университетте 1 курс оқуды бітіру қажет, содан кейін Германияда университетке түсу керек.

Академиялық анықтама немесе диплом (кемінде 1 жыл жоғары білім немесе университет алдындағы дайындық өту туралы (студенттік колледждер);

Мотивациялық хат;

Резюме.

Магистратураға арналған негізгі құжаттар:

Тілдік сертификат: DSH, TestDaF, IELTS (6.5-тен бастап), TOEFL (ең аз 80);

Бакалавр дипломы немесе оқу орнынан алынған анықтама мен транскрипт (егер диплом болмаса);

Мотивациялық хат;

Резюме.

PhD докторантурасының негізгі құжаттары:

Тілдік сертификат: DSH, TestDaF, IELTS (6.5-тен бастап), TOEFL (ең аз дегенде 80);

Магистр дипломы немесе оқу орнынан алынған анықтама мен транскрипт (егер диплом болмаса);

Ұсыным хаттар;

Зерттеу жобасы;

Мотивациялық хат;

Резюме.

Барлық құжаттар неміс немесе ағылшын тіліне аударылып, нотариалды куәландырылуы қажет.

Өтініштерді қабылдау мерзімі бағдарламалар мен университеттерге байланысты: наурыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде.